Атыраулық самбошылар ел чемпионатында 9 медаль иеленді

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырауда өткен сайыста спортшылар  4 алтын, 2 күміс және 3 қола еншілеп отыр.

Самбо күресінен ерлер мен әйелдер және жауынгерлік самбодан ерлер арасында ел чемпионатының соңғы үшінші күні мәресіне жетті.

Мықтылар бәсекесінде қос бірдей жерлесіміз жүлденің биік тұғырынан көрінді. Спорттық самбодан 62 келі салмақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Парасат Жұмабай қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды.

Жауынгерлік самбодан Еркебұлан Қуанғалиев 52 келі салмақта қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Осы салмақта тағы бір жерлесіміз Әлібек Ибатолла қола жүлде еншіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: