АТЫРАУДАН КЕЗЕКТІ КӨКТЕМГІ ӘСКЕРИ ШАҚЫРТУҒА 165 АДАМ БАРАДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

  «Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық жиында Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті мәлім етті», — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.​

Жалпы, Қазақстан Республикасының әскери құрылымдар қатарына Атырау облысы бойынша ​ көктем мезгіліне берілген жүктемеге сәйкес, 662 адам әскерге баруы қажет.

Бүгінгі таңда ​ республика аумағында карантиндік режим жариялағанға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі қатарына ​ 2 команда, яғни 35 ​ әскерге шақырылушы ​ аттанды. Енді 20 мамырдан бастап көктемгі әскери шақыртуға тағы да 165 адам барады» делінген Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметінде.

Осылайша, 20-30 мамыр аралығында​ Атыраудан​ Қарулы Күштер қатарына​ 95, шекара қызметіне 22, ​ ​ ұлттық Ұлан сапына​ — 48 адам аттанады деп күтілуде.​

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: