АТЫРАУДА 8 ЖАСАР ҚЫЗ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Өңірде  Covid-19 індетінен айыққандар саны 171 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысындат  қауіпті дерттен тағы алты адам сауығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың бесеуі — Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  61, 23, 29, 26 және 24 жастағы ер адамдар.

— Ал, инфекциялық стационардан шығарылған алтыншы адам – 8 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны.  Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді,  коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған соңғы тест нәтижесі, теріс көрсеткіш көрсетті.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 171 адамға жетті.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: