АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА НӨСЕР ЖАУЫН КӨПІРДІ ТЕСІП ӨТТІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан Махамбет ауданындағы көпірдің бұзылған жерлерінің суретіне қатысты Махамбет аудандык тұргын үй-коммуналдык шаруашылык, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi түсініктеме берді, деп хабарлайды Атырау облысы коммуникациялар қызметі. 

Махамбет аудандык тұргын үй-коммуналдык шаруашылык, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің хабарлауынша, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысына сәйкес, Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінде орналасқан, Жайық өзені арқылы өтетін ұзындығы 8030 метр көпір өткелінің құрылысы 2018 жылы аяқталып, пайдалануға берілген болатын.

Құрылысын жүргізген бас мердігер мекеме «Атырауинжстрой» ЖШС.

               2020 жылдың 17 күні болған нөсер жауынның кесірінен аталған көпірдің қазақ бетіндегі жаяу жүргінші жолы аумағында асфальт жабындысы тесіліп, сарқын сумен ойыс пайда болды. Бұл туралы Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына дереу хабарланды. Көпір құрылысын жүргізген бас мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС мамандары зерделеу жұмыстарын жүргізуде және қысқа мерзімде 5 жылдық кепілдемесіне сәйкес ақаулықты қалыпқа келтіретін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: