АТЫРАУДА ТЕҢІЗ КЕНІШІНІҢ ТАҒЫ 10 ЖҰМЫСШЫСЫ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

   Өңірде Covid-19  індетінен айыққандар саны 203 адамға жетті, — деп хабарлайды Жедел штаб.

    Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы он адам сауығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, емделіп шыққандардың барлығы – Теңіз кен орнының қызметкерлері. Атап айтқанда,  олар 49, 49, 24, 32, 42, 52, 53, 43, 26 жастағы тоғыз ер адам және 54 жастағы әйел.

— Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы, өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест  теріс көрсеткіш көрсетті, — дейді Жедел штаб.

  Осылайша, Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандардың саны 203 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 128 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: