АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЗА БОЛҒАН ӘРІПТЕСТЕРІНІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

25 мамырда таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды. Соның салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.

Әріптестерінің қайғылы қазаға ұшырағанына бей-жай қарамаған Атырау облысының полиция департаменті  марқұмдардың туыстарына  көңіл айтты

«Атырау облысы Полиция Департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Алматы қаласындағы бақылау-өткізу бекетінде болған жол көлік оқиғасы салдарынан қаза болған полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев пен полиция сержанты Дастан Абдықановтың отбастары мен туысқандарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады» — depti ПД өзінің фэйзбук парақшасында.

Айта кету керек, Баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен үшінші ер адам есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр деп бағалануда.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: