АТЫРАУ БАЗАРЛАРЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА АШЫЛАДЫ?

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Базарлар коронавирус көрсеткіші деңгейі төмен болған жағдайда ғана ашылады.

«Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев айтты», — деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, коронавирус инфекциясына қатысты өз критерийі бекітілген. Бұл деңгей 7 пайыздан асса, эпидемиологиялық жағдай қиын деген сөз. Егер Атырауда апта бойына инфекция жұқтыру деңгейі төмен сақталатын болса, базарға байланысты карантиндік талаптарға өзгерістер енгізуге болады» деп нақтылады спикер Амантай Жұмағалиев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: