«БАТЫС» ӨҢІРІЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ӘСКЕРИЛЕРІ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау және Ақтау гарнизонының 100-ге жуық әскери қызметшілері Атырау және Ақтау қалаларында адамдар көп шоғырланатын жерлерді зарарсыздандыруға шықты.

«Дезинфекцияның екінші толқыны 28 мамырда басталып, 10 маусымға дейін жалғасады. Бұл іс-шараларға Атырау қаласында 40 әскери қызметші және Ақтау қаласында 60 әскери қызметші жұмылдырылды. Дезинфекция тұрғын үйлердің және оған іргелес аумақтардың, ойын алаңдарының, алаңдар мен саябақтардың, мемлекеттік мекемелердің, базарлардың, теміржол вокзалдарының және әуежайдың учаскелерінде жүргізіледі», — depti «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Рүстем Игисинов.

Іс-шараларды өткізу үшін жеке құрам арнайы қорғаныс киімдерімен, ранецтік шашқыштармен және ыстық тұман генераторларымен жабдықталған. Жұмыстың бастапқы кезеңінде тұрғын үйлер, аулалар, іргелес аумақтар мен ойын алаңдары залалсыздандырылады.

«Бүгін Ақтау қаласында 4 және 5 шағын аудандардың аумағы, Атырау қаласында Нұрсая шағын ауданы, автовокзал және теміржол вокзалы өңделді. Өңдеу жұмыстары барысында бұрынғыдай акма-хлор ертіндісін қолданамыз. Оның қоршаған ортаға еш зиян әсері жоқ», — дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының РХБ әскерлерінің бастығы майор Алмас Несіпқалиев,.

Бұған дейін Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында төтенше жағдай режимі кезінде шамамен 2 миллион шаршы метр жер өңделген болатын.

Қалаларда бұрын енгізілген барлық шектеулер қатаң бақылауда. Жеке құрам мен еліміздің азаматтары денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Әр нысанды өңдеу шаралары мұқият ұйымдастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: