БЕЛСЕНДІ ӘСИЯ ТӨЛЕСОВАНЫҢ ҚАМАУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың қамау мерзімі 28 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап Азаттық Радиосы хабарлайды.

6 маусымда полиция наразыларды ұстап жатқан кезде Төлесова жанындағы полицейлердің бірінің фуражкасын қағып түсіргеннен кейін «билік өкіліне күш жұмсау» бабы бойынша күдікке ілінді. Куәгерлердің айтуынша, азаматтық белсенді полиция ұстаған азаматтарға араша түспек болған.

Сол күнгі билікке қарсы митинг кезінде полиция жүзден астам адамды ұстаған, кейбір кезде дөрекі күш қолданған.

Осы апта басында халықаралық Amnesty International (AI) адам құқығын қорғау ұйымы Әсия Төлесованың негізсіз қамауда отырғанын айтып, билікті оны босатуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: