АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР СӘБИ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАП КЕТТІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

2020 жылдың 18 маусымында түнде сағат 23:39-да Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Аккөл ауылдық округі, Аккөл ауылы, Иманова 32 көшесінде орналасқан  2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатынан  белгісіз жағдайда 2018 жылы туған 2 жасар қыз бала құлап кетті.  Құрманғазы ауылының аудандық ауруханасына жабық бас сүйек жарақаты диагнозымен жатқызылды.

Бұл 2020 жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының тіркелген  4 жағдайы. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіп жатырған профилактикалық шаралары мен ескертулеріне қарамастан, бұндай жағдайлардың орын алуы тоқтар емес.

Құрметті ата-аналар!

Көп жағдайда балалардың құлауы ата-анасының қарауынсыз қалуының себебінен орын алады. Қайғылы жағдайды алдын алу үшін, кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Сонымен бірге барлық жиһаздарды терезе жанынан алшақ қоюды ұсынамыз. Терезедегі москиттік торларға сенбеңіз! Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: