ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНЕН ЕКІ КҮНДЕ ЕКІ АДАМНЫҢ МҮРДЕСІ ТАБЫЛДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Ағымдағы жылдың 21 маусымында Атырау облысында демалыс күндері суға кеткен екінші жағдай тіркелді.

Тағы бір оқиға Атырау қаласынан 13 шақырым жерде Талғайран ауылында, Жайық өзенінде орын алды.

Атырау облысы ТЖД  Жедел құтқару жасағы күшімен сағат 16:10-нан бастап арнайы жабдықталмаған жерде суға батып кеткен 2000 жылы туған жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Сағат 17:05-те суға кеткен жас жігіттің денесі табылып, судан шығарылды.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД ЖҚЖ-ның 7 қызметкері, 1 бірлік техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылмауды ескертеді. Бұл сіздің өміріңіз үшін қауіпті болуы мүмкін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: