ШҰҒЫЛ: АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА АДАМДАРДЫҢ ЖҮРУІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНЫП, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАЙДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысында 27-28.06.2020  күндері өңір бойынша карантиндік шектеулер күшейтілді.

27.06.2020 түнгі 00: 00-ден  29.06.2020  түнгі 00:00 –ге дейін Облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары Ж.Досымбаеваның  қаулысына сәйкес:

  1. Той, көпшілік жиналатын жиын, спорттық шаралар, үйде өтетін отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады;
  2. Адамдардың қозғалысына, жүруіне тыйым салынады. Егер жұмысқа бару керек болса, мекеменің атынан анықтама қажет;
  3. Дәріханаға, азық-түлік алу үшін тек қана тұрғылықты мекен жайға жақын жерге бару керек;
  4. Медициналық мекемеге аса мұқтаж болған жағдайда ғана жүгіну керек;
  5. 65 жастан асқан адамдар  қажеттілікке қарай сыртқа шығуы тиіс.

Сонымен қатар, үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері күндізгі 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.

Ескерту, шаштараз, демалыс орындары, бассейн, фитнес орталықтары, монша,сауна, жағажай, Жайық жағасындағы жағалау, саябақ жабылып, жұмыс жасамайды. Қоғамдық көлік те екі күнге жұмысын тоқтатады.

— 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: