АТЫРАУДА ҚОСЫМША 50 ОРЫНДЫҚ ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛАДЫ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Бұл туралы бүгін Атырау облысы əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың төрағалығымен медициналық мекемелер басшыларымен арада өткен жиында белгілі болды» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Жиын барысында аймақта КВИ ахуалы өте күрделі болып отырғаны айтылып, облыс басшылығы қосымша инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационар ашу мәселелерін қарастырып жатқаны мәлім болды.

«Ерекше дабыл қағарлығы,  қазіргі уақытта арамызда КВИ клиникалық белгілері бола тұра, тест нәтижесі теріс көрсетіп жатқан науқастар көбейіп отыр. Бұдан бөлек,  ИВЛ аппараттарын алу мәселесі, қосымша зертхана ашу мәселелері де өткір тұр.

Бірінші кезекте облыстық аурухана жанынан 50 орындық провизорлық стационар ашылатын болады. Онда КВИ-ге алынған тест нəтижесі теріс көрсеткендер бақыланады. Жетіспей жатқан ИВЛ аппараттары ​ демеушілер көмегімен жуырда алынады.

Сонымен бірге, ТШО мен «Каспиан медикал» клиникасымен келісе отырып, КВИ -ге сынама алу үшін қосымша зертхана жұмысы жасақталғанын атап өткеніміз жөн.

«Ең басты мәселе, Атырауда дәрігер мамандар жетіспеушілігі болып отыр. Кадрлар, соның ішінде реаниматолог мамамандар, ивл аппаратын қоятын мамандар жоқ. Осыған орай, жекеменшік ауруханалардан көмек сұралып жатыр» деді әкімнің орынбасары  Бақытгүл Хаменова.

Ал облыс əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев та меншік емханаларды тартыншақтай бермеуге шақырды.  Ол «қазір аймақтағы ахуалды көріп отырсыздар. Бізге көмектесіп, халыққа жанашырлық танытатын уақыт келді. Сондықтан бірге жұмыс істеуге шақырамын. Бұл сіздердің де азаматтық борыштарыңыз» -деді. 

Еске сала кетелік, бүгін Атырауда облыстық аурухана, емхана басшыларымен кездесу өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев, облыс əкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ауруханаалар мен меншік медициналық мекемелердің басшылары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: