Атырауда бірнеше ықшам ауданда жарық уақытша сөндірілді

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жерұйық, Нұрсая,Жетіқазына, Самал, Ескі Аэропорт аумағы ықшам аудандары мен Әбілқайыр хан даңғылын, Ғабдиев көшесін электр энергиясымен  қамтамасыз ететін 110/10кВ кернеудегі электр стансасында өрт   болуына байланысты,  апаттық сөндіру орын алды.

Қазіргі таңда қызметкерлеріміз  қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуде. 

Тұрғындардың  электр  жүйелеріне деген өтініштерін ескеріп, қалыпқа келтіру  мақсатында  ұйымдасқан  бригададан тұратын қызметкерлеріміз жұмылдырылып, үздіксіз қызмет атқаруда.

Тоқ көзінің ұзақ уақытқа айырылуын болдырмау үшін «Атырау Жарық» АҚ-ның ҚЭЖ-і қызметкерлері күшейтілген режимде қызметін атқаруда.

Қалыпқа келтіру жұмыстары  кешке дейін жүргізіліп, тәмамдалысымен, аталған ықшам аудандарға  электр энергиясы берілетінін қаперлеріңізге  береміз.

Уақытша туындаған қолайсыздықтарға  түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: