АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 24 АДАМ ТІРКЕЛДІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

COVID-19 жұқтырған 15 жағдай Атырау қаласынан және 9 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олардың бірқатары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген, сондай-ақ скринингтен өту барысында анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

25.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1584 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны — 1237.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: