АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРҒАН 23 АДАМ ТІРКЕЛДІ

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

29.06.2020 жылғы мәлімет бойынша COVID-19 жұқтырған 21 жағдай  Атырау қаласынан тіркелді. Олардың 12-сі   ер,  5 -еуі әйел адам. Олардың бірқатары  ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты  медициналық көмекке жүгінсе , кейбірінен  скринингтен өту барысында анықталды.

Сондай-ақ 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олар  инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.                                                 

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

29.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1640 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны — 1376.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Просмотров: