ӘлемдеШоу бизнес

Юрий Шатуновтың соңғы видеосы жария болды (+видео)

Кеше «Ласковый май» тобының әншісі Юрий Шатуновтың қайтыс болғаны туралы хабарланды. Өліміне жүректің кенеттен тоқтауы себеп болған. Көп ұзамай әлеуметтік желілерде оның соңғы минуттарын көрсететін видео пайда болды.

Юрий Шатунов – 1980–90 жылдары жастарды ерекше талантымен баурай білген әншілердің бірі. Бірақ бірнеше жылдан бері оның орындауындағы кей әндерге басқалар иелік етіп, ауторлық құқығын сырттай меншіктеп алған еді. Жақында ғана Юрий Шатунов осы мәселеде продюсер Андрей Разинді сотта жеңіп, әндердің өзінікі екенін дәлелдеп шықты. Бұл туралы жеке адвокаты Асель Мухтарова хабарлады.

Дегенмен арада бір апта өтпей жатып әйгілі әнші жүректің кенеттен тоқтауы салдарынан 49 жасқа қараған шағында дүние салды. Ал әлеуметтік желіде оның соңғы минуттарын көрсететін видео пайда болды. Қысқа бейнероликте бірнеше адамның әншіні сүйемелдеп үйге кіргізгенін байқауға болады. Бір деректе Шатунов жедел жәрдем көлігінде көз жұмды делінсе, келесі ақпарат көздері оның ауруханада жан тапсырғанын жарыса жазуда.

Шатуновтың соңғы минуттары

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button