Әлемде

Ауғанстаннан 42 адам эвакуацияланды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

« ҚР Әскери әуе күштерінің С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді», – делінген министрлік мәліметінде.

Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан тарапының өтініші бойынша бұл елдің 14 азаматы эвакуацияланды.

Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды. «Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайды», – деп аталып өткен хабарламада.

Дереккөз: ktk.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button