Әлемде

Еуропадағы ең қуатты компьютер іске қосылмақ

Еуропадағы ең қуатты, әлемдегі ең қуатты үшінші суперкомпьютер Финляндияда іске қосылуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссияның сайтында жарияланды.

LUMI электронды компьютерін он елдің ғалымдары жасаған: Бельгия, Дания, Исландия, Норвегия, Польша, Финляндия, Швейцария, Швеция, Эстония және Чехия. Жоба 144,5 миллион еуроға бағаланып отыр. Әзірлеушілер LUMI секундына 375 петафлоптан аса немесе 375 миллионнан аса есептеулерді орындауға қабілетті екенін айтады. Ол ғылымда, мысалы, медициналық және климаттық зерттеулерде, сондай-ақ, онкологиялық ауруларды диагностикалау саласында жаңалықтар жасау үшін қолданылады.

Суперкомпьютер Каяани қаласында жұмыс істейді. Әзірлеушілердің айтуынша, ол тек жаңартылатын энергия көздерімен қоректенеді, табиғи салқындату жүйелерін пайдаланады, ал алынған жылудың бір бөлігін машина орнатылған бөлмелерді жылытуға жұмсайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button