Ақпараттық-танымдық портал

Компания атауы түрік тіліне өзгертіледі

Turkish Airlines әуекомпаниясы енді Türkiye Hava Yollari деп аталады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 маусымда журналистерге айтты.

1

“Осы сәттен бастап біз ұшақтарымыздың фюзеляждарында Turkish Airlines орнына Türkiye Hava Yolları деп жазатын боламыз” depti мемлекет басшысы.

Ол бұл шешім мемлекеттік деңгейде ел атауының ағылшын тіліндегі Turkey-ден түрік тіліндегі Türkiye-ге ресми өзгеруіне байланысты қабылданғанын айтты.

Жалпы, Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу елдің халықаралық атауы туралы БҰҰ Бас хатшысына мамырдың соңында хабарлады, ал 1 маусымда бұл жаңалық күшіне енді. Енді мемлекеттің атауы бар флагмандық тасымалдаушының атауы да өзгереді.

Exit mobile version