Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Нью-Йорк штатында мемқызметкерлердің міндетті вакцина алуы туралы талап енгізілді

e43000a3f97227ee200cb057e5745d6d l

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған үшін 100 доллар.

Нью-Йорк қаласы тұрғындарын жұқпалы кеселге қарсы екпе ектірсе осындай көлемде ақша берлетін болды. Бұл туралы осы шаһар мэрі Билл де Блазио мәлімдеді. Сыйақы тұрғын екпенің бірінші дозасын ала салысымен тапсырылады. Жергілікті билік шарадан егілетін адамдар қарасы көбейеді деген үмітте. Қаладағы вакциналау орталықтарына 10 миллион доза екпе жеткізіген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нью-Йорк штатында мемлекеттік қызметкерлердің коронавирусқа қарсы міндетті түрде егілуі туралы талап енгізілді. Болмаса, ПТР-тест тапсырып отыруы қажет.

Билл де Блазио, Нью-Йорк қаласының мэрі:

– Мен қолға алынып жатқан бұл шараның ықпалы күшті болады деп сенемін. Себебі қазір коронавирусқа қарсы егілу өте маңызды. Сондықтан біз әр вакцина салдырған тұрғынға алғысымызды осылай білдіруді шештік, – деді Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио.

Exit mobile version