Нобель сыйлығының лауреаты, ресейлік “Новая газета” басылымының бас редакторы Дмитрий Муратовтың медалі Heritage аукционында 103,5 миллион долларға сатылды. Аукцион Манхэттендегі New York Times медиа орталығындағы аукцион үйінің сайтында өтті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Аукцион басталмас бұрын Дмитрий Муратовқа өз марапатын сатуға дайынсыз ба деген сұрақ қойылды, ол “иә” depti. Сатылым 700 мың доллардан басталды, бірақ бірнеше минут ішінде медалға ұсыныс бірнеше миллион доллардан асып кеткен. 16,6 миллион доллар сомасынан кейін телефон арқылы белгісіз сатып алушы 103,5 миллион долларға ұсыныс жасаған. Барлық қаражат ЮНИСЕФ халықаралық қорына аударылады.
Соңғы баға аукциондарда өткізілген Нобель медалінің бұған дейінгі рекордынан 20 есе асып түсті – 2014 жылы Christie’s аукционында ДНҚ молекуласының құрылымын ашқан америкалық биолог Джеймс Уотсонның наградасы 4,76 миллион долларға бағаланған еді.
Айта кетейік, 2021 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын журналистер – “Новая Газета” ресейлік басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік Rappler басылымының негізін қалаушы Мария Ресса “демократия мен бейбітшілік орнату үшін басты шарт – өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі мен сөз бостандығын қорғауға” қосқан үлесі үшін алды.