ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛҒА ШЕГЕРІЛДІ

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2020 жылғы Олимпиаданы коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегеруге келісті. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ твиттердегі парақшасында жариялады.

Доданың атауы өзгеріссіз қалмақ. Яғни енді 2021 жылдың жазында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары «Токио-2020» деп атала береді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Олимпиада ойындары бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кездерінде ғана өтпей қалған. Ал бір жылға кейінге шегеріліп тұрған алғашқы жағдай.

Exit mobile version