Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ПУТИН ҚАЗАҚСТАНҒА КҮТПЕГЕН МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Russian President Vladimir Putin gestures as he speaks during a meeting with journalists after a live broadcast nationwide call-in in Moscow, Russia, April 14, 2016. REUTERS/Maxim Shemetov - RTX29Y6R

Владимир Путин орыс тілінің Орталық Азия республикасындағы рөлін жоғары бағалап, ТАСС агенттігінің YouTube арнасындағы жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында тіл мәселесіне ілтипатпен қарағаны үшін Нұр-Сұлтанға алғысын білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы орыс тілінің жағдайына назар аударды.

“Қазақстан сөздің толық мағынасында орыс тілді ел”, – деді Путин.

Оның айтуынша, мұны орыс тілді мектептер мен ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары санының өсуі дәлелдейді. Путин қазақстандықтардың бұл оқу орындарына түсу үшін жарысып жатқанын атап айтты.

Сонымен қатар, ол Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын еске салды. Путин, әсіресе, ғарыш және қорғаныс саласын алға тартты. Ресей президенті қазақстандық ғарыш мамандарының кәсіпқойлығының тереңдеуіне оң көзқараспен қарайды, сондай-ақ Ресей қазірдің өзінде республикаларға қару-жарақты ішкі ресейлік бағамен жеткізіп жатқанын атап өтті.

Exit mobile version