Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ШҰҒЫЛ: Аспанда не боп жатыр?

5

Қазнетте аспандағы ерекше ақ дөңгелек іздердің суреттері таратылуда. Фотосурет астында, бұл ұшақтардан улы заттар шашудың, химтрейлдердің іздері делінген. Бұл олай емес, неге екенін түсіндіріп өтейік.

Осыған ұқсас аспандағы дөңгелектердің суреттері Желіде бар. Кейбір пайдаланушылар оларды белгісіз ұшатын заттар, басқалары химтрейлдер деп атайды.

Шын мәнінде, бұл екеуі де емес. Бұл дөңгелектер – ұшақтар қону алдында артық отынды шығарған кезде қалатын іздер. Бұл ретте отын шығарылған кезде жерге жетпейтінін және адамдардың денсаулығына да, экологияға да зиян келтірмейтінін айта кеткеніміз жөн. 

Отынды автоматты түрде шығару жүйесімен жабдықталмаған ұшақтар бакта қалған керосинді пайдалану үшін жерге қонбас бұрын айналып ұшуға мәжбүр болады. Мәселен, өткен жылдың қыркүйегінде Новосібірде осындай жағдай орын алды. Ұшақтар тұманға байланысты қона алмады. Аспандағы ақ дөңгелектерді байқаған адамдар түрлі теорияларды алға тартты, оның ішінде аспаннан химикаттар шашу да бар. Алайда, кейіннен мамандар ұшақтар ешқандай қауіпті заттар шашпағанын, тек қонуға тырысқандарын түсіндірді.

Аспандағы ақ дөңгелектерді 2020 жылғы ақпан айында Иркутск тұрғындары да байқаған. Оны оқу-жаттығулар кезінде әуе шайқасына қатысқандай әрекет еткен ұшақтар қалдырды. Олар химикаттар шашқан жоқ.

Ұшқыштар ұшақты қондырмас бұрын әуежайларды айналып ұшуға мәжбүр болатын жағдайлар сирек емес. Мұндай маневрлерді Flightradar24 сияқты әуе кемелерін бақылау жүйелерінде байқауға болады. Кейде мұндай маневр жасау қажеттілігі техникалық ақауларға, басқа жағдайларда қонуға кезек күтуге байланысты орын алады. Соңғысы көбінесе ірі әуежайларда болады. Мұндай кезде бірден бірнеше ұшақ айналып ұшып, аспанда шеңберлер ғана емес, спираль пішінді іздер «салуы» мүмкін.

Біз химтрейлдер теориясы конспирологиялық және негізсіз деп бірнеше рет жазған болатынбыз. Ал ұшақтар аспанда қалдырған ақ іздер инверсиялық іздер болып табылады және онда денсаулыққа қауіпті химикаттар жоқ. 

stopfake.kz

Exit mobile version