ШҰҒЫЛ: Қазақстан мен Американың арасында не боп жатыр?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді доллар бағамының құлдырауына байланысты АҚШ-қа қарсы санкциялар енгізу ниеті туралы мәлімдегені жайлы ақпарат таралуда. Бұл фейк ақпарат.

Бұл ақпараттың алғашқы дереккөзі Instagram-дағы Qazinform24 аккаунты болып табылады.
Бұл парақшада шынайы ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунттың ерекшелігі – Қазақстан туралы сатиралық хабарламалар мен фейктер.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында да, басқа да сенімді ресурстарда да Қазақстанның АҚШ-қа қарсы санкциялар енгізгені туралы ақпараттар жоқ.
Пайдаланушылар ойдан шығарылған сатиралық жаңалықтарды шынайы ақпаратпен шатастырған жағдайлар бұған дейін де болған. Біз бұл туралы жазған болатынбыз.

Exit mobile version