«Украина даусы» жобасында тағы бір қазақстандық топ жарды

Танымал жобада бағын сынаған Индира Еділбаева «The HARDKISS» тобының «Мелодія» әнін орындады. Вокалдық қабілетімен қазылар алқасын таңдай қақтырған отандасымызға барлық тәлімгер бұрылды. Төрешілер арасынан бірінші болып оң бағасын берген Дан Балан ән аяқталған соң сахнаға шығып, Еділбаеваны құттықтады. Қазылар алқасының айтуынша, қазақ қызы тек өнерімен ғана емес, сұлулығымен де бірден көзге түскен. Өнер иелеріне алғыс білдірген Индира Дан Баланның тобын таңдады.

Exit mobile version