АТЫРАУДА

1 қарашада вакцина алмаған балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін заң қабылданады – фейк

Қазақстандықтар мессенджерде биыл 1 қарашадан бастап вакциналау мәртебесі негізінде балаларды отбасылардан тартып алуға мүмкіндік беретін заң күшіне енетіні туралы хабарлама тарады. Бұл – фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

– Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай заң жобасы жоқ. Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізілмейді. Мектеп балаларға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакцинациялау туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желілерде резонанс тудыру үшін жеке азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз, – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button