Site icon Ақпараттық-танымдық портал

+110 НАУҚАС: Атырауда КВИ жұқтырғандар қатары қайта өсті…

176880543 3984601141593445 7233875137219980541 n 1

1160 адам амбулаторлық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 75, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ,  Жылыой ауданының 13, Индер ауданының 2, Қызылқоға ауданының 3, Құрманғазы ауданының 7, Мақат ауданының 2, Махамбет ауданының 3 тұрғынында коронавирус расталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 60 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 153 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 1160 адам үй жағдайында, 180 – модульдік ауруханада, 101 – екінші облыстық ауруханада, 98 – фтизиопульмалогиялық орталықта, 162-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Ал, Теңізкен орнындағы инфекциялық стационарда 114 науқас дәрігер бақылауында.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақта қалып отыр.

Exit mobile version