15 ЭПИДЕМИОЛОГ АЛМАТЫДАН АТЫРАУҒА ОРАЛАДЫ

Олар коронавирусқа қарсы тест сынамасын тапсырғаннан кейін өздерінің тікелей қызметтеріне кіріседі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 15 қызметкері наурыздың 20-сы мен сәуірдің 7-сі аралығында Алматыда болып, қаланың эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыруға атсалысқан.
Департамент мамандарының айтуынша, эпидемиологтар келе салысымен карантиндік стационарға орналастырылып, тест теріс нәтиже берген жағдайда коронавирусқа қарсы күрес бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.

Exit mobile version