Site icon Ақпараттық-танымдық портал

20 жастағы сержант өз өзін атып тастады

2063370

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растап отыр.

“3 желтоқсан күні сағат 7:40 шамасында Орал полиция басқармасы ғимаратында жауынгерлік қаруды алғаннан кейін 20 жастағы полиция сержанты өз-өзіне қол жұмсады (бекітілген табельдік қарудан оқ атқан)”  делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, сержант қызметінде өзін жақсы қырынан  көрсете білген, физикалық жағынан да мығым болған. Жұмыстан да кешікпеген көрінеді.

“Бұл дерек 03.12.2021 жылы СДТБТ-де тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды, бұл туралы қосымша хабарланатын болады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде басқа ақпарат жария етілмейді (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Олар тек прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келсе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса)”, – деп толықтырды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Exit mobile version