222 АТЫРАУЛЫҚ БИЗНЕС БАСТАУ ҮШІН НЕСИЕ МЕН ГРАНТТАР АЛДЫ

⠀«Еңбек» бағдарламасы аясында берілген несие мен гранттардың жалпы сомасы 600 млн.теңгені құрап отыр. Бұл алты айдағы көрсеткіш» деп хабарлайды Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сілтеме жасап, облыстық коммуникациялар қызметі. ​

«368 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Қысқа мерзімді оқуға 677 адам жіберілді. 3 320 адам тұрақты жұмыс орындарына, 4 600 адам қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды» деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов облыстық мәслихат сессиясында. ​

Exit mobile version