Атыраулық полицейлер 29 жастағы азаматтан 5 млн теңге болатын есірткі тәркіледі.
Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылы туған азаматты ұстады. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл 5 000 000 теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаларға тең келеді. Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, аталған қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Облыс аумағында есірткі құралдарының түсу арналарын анықтауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
Аман ШАМАР