Site icon Ақпараттық-танымдық портал

32 жастағы атыраулық азаматша тұрғындардан ақша алып жоғалып кеткен

5c63e1fc9ac8c

Арзан доллар алып беремін: Атырауда 32 жастағы азаматша үш адамның ақшасын алып, сан соқтырып кеткен.

Өңірде атыраулық азаматша үш адамға арзан бағамен доллар алып беремін деп алдап кеткен. Шығын көлемі шамамен 1 миллион 300 мың теңгеден асады.  Бар жиған-тергенін айлакердің есеп-шотына аударғандар әділдік іздеп  полицияға хабарлама берген. Полицияның мәлімдеуінше, күдікті әйел 1987 ж.т. қала тұрғынынан 645 000 теңгесін алдап алған. Ал екі бірдей 36 жастағы азаматшалардың бірінен 300 000 теңге, екіншісінен 400 000 теңгесін алған. Осылайша, азаматтар қолындағы қаржысын алаяққа санап беріпті. Алайда, әлгі әйел уәде етілген арзан долларды да, теңгелей қаржыны да қайтармастан із-түссіз жоғалған.

– Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тұрғындар осы тектес арзан тауар немесе жеңілдікпен қызмет көрсетемін деген хабарламалардың дұрыстығын тексермей қаражат аудармаулары қажет. Және де интернет алаяқтықпен күресте ең бастысы кез-келген азамат өзінің жеке құжаттары мее деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ету қажет – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Exit mobile version