Ақпараттық-танымдық портал

“Әйелімді қызғандым”: Атырауда ер адам жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан

Атырауда жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 17 қазан күні полицияға 36 жастағы атыраулық әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлменің қабырғасына жасырын камера орнатылғанын хабарлаған. Жеке өмірге қолсұғушылық қылмысын жасаған күдікті арызданушы азаматшаның күйеу баласы болып шықты.

0988cce3 dd53 4107 8d12 8b8137a9b908

Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, әпкесінің үйіне жиі қонақтап келетін әйелін қызғанып, жасырын камера орнатып, тіпті жанына қалта қуаттағышын да жалғаған. 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Exit mobile version