Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АПАСЫНЫҢ КӨЛІГІН АЙДАП КЕТКЕН АТЫРАУЛЫҚ АПАТ ЖАСАП ҚАШЫП КЕТТІ…

img 20211220 wa0073 1 1

Әпкесінің көлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен 22 жастағы азамат анықталды.

17 желтоқсан күні  07:50 шамасында Батыс-40 экипажы  Геолог ықшам ауданы, Жаңалы көшесі бойында жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығыс жасап тұрған “Toyota Camry” маркалы автокөлігін анықтаған.
Тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткендігі белгілі болды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу  тобы мен жол-көлік оқиғасы бойынша қызметкерлер оқиға сызбасын жасақтап, автокөлік ішінен 1991 ж.т., азаматшаға тиесілі құжаттарды  тапқан.

30 жастағы азаматшаға қоңырау шалған тәртіп сақшыларына ол өзінің автокөлігін таңғы уақытта үйінің алдынан белгісіз адам белгісіз бағытта айдап кеткендігін мәлімдеп,  102 операторына хабарлама беріп жатқанындығын айтқан.

Аталған хабарлама бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізу кезінде 30 жастағы азаматшаның көлігін 1999 ж.т., туысқан інісінің жүргізіп кетіп,  жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткендігі анықталды. 

22 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1 бөлігімен _(Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы)_ және 611 бабының 2 бөлігімен _(Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы)_  әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2 бөлігімен _(Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы)_ әкімшілік хаттама жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Exit mobile version