Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолына Елбасы есімі беріле ме?

www.drive2 .ru

Атырау тұрғыны Талғат ҚҰРМАНҒАЛИЕВ халықаралық Ақтөбе – Атырау – Астрахань көлік трассасын «Нұрсұлтан Назарбаев» деп атауды ұсынады, деп хабарлайды “Ақ Жайық” басылымы.

Ол өз хатын президент әкімшілігіне және бірқатар министрліктерге жолдаған. Ол мұны неліктен жасағанын өзінен сұраған едік.

Құрманғалиев бұл хатты әлеуметтік желідегі парақшасына да жариялады. Ол бірден қызу талқыланған тақырыпқа айналып, ал автор кибербуллинг құрбаны бола жаздады. Желі қолданушылардың көпшілігі бейәдеп сөздерді тартынбай жазып, оны сынға алды. «Жағымпаз» деген сөз ішіндегі ең жұмсақ сөз шығар. Оның айтуынша, тіпті қоқан лоқы жасаған қоңыраулар да болған. Рас, жеке түсініскеннен кейін «дұрыс түсініп», оны қолдағандар да болды.

Жақында ресейлік «Универ» телехикаясының актері Вячеслав ЯРУШИН Ренат Мухамбаевқа берген сұхбатында өзінің бес жыл бұрынғы жолсапарында Астрахань трассасының жай-күйі туралы «қызу» әңгімелегені белгілі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Атырау-Астрахань трассасын қайта жарақтау кесте бойынша жүріп жатқанын, оны 2022 жылы толық аяқтау жоспарланғанын айтып, дереу ақпарат берді. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Алайда, Құрманғалиев бұл жобаның уақытында жүзеге асатынына күмәнмен қарайды, ол бұл жұмыс тағы да жылдарға созылып кетеді деп қорқады.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Көп адам осы «жолда» туыстарынан айырылды, мен де: бірнеше жыл бұрын тәтем осы жерде қаза болды.

…Кәсіпкер хатты жақында ғана жіберген. Қандай реакция болатыны әзірге белгісіз.

Хат мәтіні: 
«Мен сізге Ақтөбе-Атырау-Астрахань халықаралық көлік жолын «Нұрсұлтан Назарбаев» деп атау жөніндегі бастамамды қолдау ұсынысыммен хат жазып отырмын. Бұл жолдың еліміздің маңызды көлік артерияларының бірі екенін білеміз. Оған еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру – бұл ерекше адамға құрмет көрсету. Ресей, Иордания және Түркияда көшелер оның есімімен аталады, ал Шешенстан Республикасында лицей оның есімімен аталады. Еліміздің басқа қалаларында көшелер, орталық жолдар, даңғылдар ҚР Тұңғыш Президентінің атымен аталады, ал Атырау мен Атырау облысында жоқ. Бұдан басқа, жақын көрші әрі маңызды одақтастар боп табылатын Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын халықаралық автотрассаға оның есімін берудің символдық мәні болар еді».

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

Exit mobile version