Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Ашық диалог алаңында референдум жөнінде айтылды

screenshot 20220531 142127 720x400 1

Республикалық референдумды қоғамдық қолдау штабының Атырау облысы бойынша өкілдігінің мүшелері Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінде болды.

Бұл еліміздегі мұнай саласына мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны. Дөңгелек үстел барысында штаб мүшелері оқытушылар құрамы мен студенттерге алдағы референдумның басты аспектілерін түсіндірді. Кездесуді Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы ұйымдастырды.
– Референдумның негізгі мақсаты-мемлекеттік басқару жүйесін демократияландыру. Ұсынылып отырған түзетулер бойынша Президенттің өкілеттігін қысқарту және Парламенттің өкілеттігін кеңейту көзделген.

Бұл жаңа Қазақстанға жасалған алғашқы қадам, – деп атап өтті іс-шараның модераторы, доцент Болат Нығметов.

Республикалық штабтың облыстық өкілдігінің мүшелері – профессор Дүйсенбек Құлжанов, Атырау қалалық мәслихат депутаты Гүлзейнеп Дүйсіпова, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ақмарал Жалғасбаева талқыланған түзетулер туралы толығырақ айтып берді.

Exit mobile version