Атырау мұнай өңдеу зауытын (АМӨЗ) монополияға қарсы органның өкілдері монополиялық жағдайды теріс пайдаланды деп айыптауда.
Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты мұнай өңдеу кезінде «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-і бөгде ұйымның қызметтерін күштеп таңу фактісі бойынша монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды. Бұл мұнай өнімдерінің қымбаттауына әкелді.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органмен монополиялық кірісті тәркілей отырып, монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) 5% – ы мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін әкімшілік іс қозғалды.
Іс бойынша шешім сот талқылауының қорытындысы бойынша қабылданатын болады.