АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ОНКОДИСПАНСЕРДЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ТУННЕЛЬ ОРНАТЫЛДЫ

 Облыс орталығының барлық емдеу мекемелерінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары қолға алынуда, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осындай шаралардың бірі – облыстық онкологиялық диспансерге кіре берісте дезинфекциялық туннель орнату. Туннель арқылы жоспарлы ауруханаға  келген адамдар, сондай-ақ, аурухананың медициналық қызметкерлері өтеді.

Бүгінгі таңда Атырау облысының 117  тұрғыны онкологиялық диспансерде ем алуда. Оларға 108 дәрігер, орта және кіші медициналық қызметкерлері күтім жасайды. Келушілерге кіру тыйым салынған.

Айта кетейік, Атырауда дезинфекциялық туннельдер қаланың ірі сауда орталықтарында орнатылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button