Бүгін әлеуметтік желіде Атырау облысында блок-бекеттер қойылып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі жауап берді.
Атырау облысының Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы төрт блок-бекет наурыз айынан бері тұр. Олар аталған ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қойылған болатын. Облыс аумағында одан басқа блок-бекеттер жоқ, – depti Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фото ашық дереккөзден алынды