АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР ТУРАЛЫ ЖАҢА ДЕРЕК

 27.03.2020 күнгі ресми мәлімет бойынша  Атырау облысында  короновирус жұқтырған адамдар туралы 3 дерек анықталды. Осы мәселе туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Ғазизов Байтолла  Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Мейіржан Есімбаев ресми мәлімдеме жасады.

«Корновирус індеті анықталған бірінші адам 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан келген. 26 наурыз күні ЖРВИ белгілерімен ауруханаға түсіп, кейін короновирус  індеті анықталған. Ал екінші науқас  17 наурыз күні Стамбұл-Алматы-Атырау бағытымен келген.  Ол Стамбұлдан келген әуекемесінде короновирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған.  Ал үшіншісі  26 наурызда  Амстердам келген. Олардың жағдайы бірқалыпты. Тиісті ем қабылдауда» – depti  Ғазизов Байтолла 

Елімізде короновирус жұқтырғандар саны 124-ке жетті. Ал емделіп шыққандар екі адам.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button