Атырауда 104 әлеуметтік аз қамтылған жандарға көмек көрсетілді.
Бұл туралы Атыраудағы Азаматтық орталық мекемесінің директоры Әйгерім Жәрдемқызы Фейсбук желісіндегі өзінің парақшасында хабарлады.
–Көмек сұрап жатқан адам көп, бірақ біз көбіне жалғызбасты ата-әжейлер, көпбалалы жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп жатырмыз. Біздегі жиналған қор бұл қарапайым халықтың, мына біз бен сіздің 200-500 теңгелеп беріп жатырған садақасынан тұрады.Кеше ғана бес бағытқа бөлініп, 35 үйге азық-түлік тараттық. Жағдайы өте ауыр отбасыларды көрдік, – дейді Әйгерім Жәрдемқызы.
Еріктілердің көмегімен өңірде 12 269 дана маска тігілген. Олар қаладағы азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізуде.
–«БИПЭК Авто» ЖШС-нің Атырау филиалының директоры Александр хабарласты, азық – түлік таратуға екі машина бөлді. Көп-көп рақмет! Атыраулық кәсіпкер Айсұлу Махамбетова қайырымдылыққа 1 млн тг қаржы бөлетінін жеткізді. Алдымыздағы аптада, бұйырса, азық түлік корзиналарын таратуды бастаймыз, – делінген жазбада.
Айта кетейік, көмек көрсеткіңіз келсе каспий голд картасына 5169493122495040 немесе +77785105130 (Гульназ Максутовна) нөмеріне қаражат аударға болады.