Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА COVID-19 ​ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР САНЫ 22 АДАМҒА ЖЕТТІ

1585041356 c2bc51295f58fb6f5506e8e8a9df9e67 1

Бүгін Атырауда коронавирус инфекциялық ауруымен екі науқас тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда екі науқастың бойынан ​ бастапқыда вирус белгілері анықталмады. Себебі, науқастың екеуі де бұған дейін COVID-19 ​ инфекциясы табылған адаммен қарым-қатынаста болғандардың тізіміне енген еді.

Вирус табылған науқастың бірі 62 ​ жастағы жергілікті тұрғын. Әйел адамның қазіргі жағдайын дәрігерлер “қанағаттанарлық” ​ деп бағалап отыр. Емделушіде жөтел және аздаған дене қызуы белгілері ​ бар.

Атыраудың тізіміне 22-ші болып енген 37 жастағы ер адам инфекциондық карантинге жатқызылды. Жағдайы ауыр. Дәрігерлер “науқаста пневмония болуы мүмкін” деген күдіктің барын айтады.​ Қазіргі таңда науқаста ​ дене қызуы жоқ. Бірақ, жөтел, әлсіздік және бойында ісік белгілері бар.​

4 сәуір күнгі таңдағы жағдай бойынша, Атырауда инфекциондық стационарда 22 науқас, провизорлық стационарда ​ 27 ​ емделуші жатыр.

Карантиндік стационарға 165 адам орналастырылған. ​ 1098 атыраулық үйде оқшауланған.​

Exit mobile version