АТЫРАУДА

АТЫРАУДА COVID-19 ВИРУСЫ АНЫҚТАЛҒАНДАР САНЫ 131 АДАМҒА ЖЕТТІ

«Атырауда коронавирус инфекциясы тағы бес адамнан анықталды» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Науқастар 1988, 1963, 1990 жылы туған ер адамдар. Олардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.

Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

29 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 131 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button