Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ЕМХАНАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

71ecf5a3 3b05 4065 96f9 e96d34ef77e9

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен жылыту маусымына дайындықты пысықтаған селекторлық жиын өтті, – depti Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыстық денсаулық сақтау және білім беру басқармалары алдағы жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы аталған басқарма басшылары есеп беру барысында мәлімдеді.

Облыс көлемінде барлығы 147 медициналық ұйым бар, оның 41-і облыс орталығында, қалғандары аудандарда орналасқан. Олардың бәрі жылу беру маусымына толықтай дайын. Ал, екі нысанда, нақтырақ айтқанда Махамбет аудандық ауруханасы мен «Бірлік» дәрігерлік амбулаториясында жылу 10 қазан күні, барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сондай-ақ, жиын барысында 408 білім беру мекемесінің 408-і де жылу беру маусымына толық дайын екендігі айтылды.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына байланысты 5 нысан жылыту маусымына дайын емес. Дегенмен, жөндеу жұмыстары өз уақытында, білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттарға сәйкес аяқталатын болады, – деді Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Exit mobile version