АТЫРАУДА КТ АППАРАТЫНАН ТЕГІН ӨТУ МӘСЕЛЕСІНЕ ТҮСІНІК БЕРІЛДІ

​ «Тұрғындар жергілікті мекен-жайына байланысты, емханадан жолдама әкелу арқылы компьютерлік томография аппаратының қызметіне тегін жүгіне алады» дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Десе де, пневмонияны анықтауға рентген аппараты да балама бола алады.

«Өздеріңіз білесіздер, КТ бұрын болмаған кезде де, пневмонияны рентген аппараттары арқылы анықтау мүмкін болған еді. Демек, компьютерлік томографияға​ рентген аппараттары балама бола алады», – дейді Нұрлыбек ҚАБДЫҚАППАР­ОВ.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Айта кетелік, ​ қазіргі уақытта​ Атырау облысы бойынша 10 КТ аппараты бар. Оның ішінде,

Атырау облыстық ауруханасы – 2;

Атырау облыстық №2 ауруханасы – 1;

Атырау облыстық кардиорталығы – 1;

Атырау облыстық онкология диспансері – 1;

Атырау облыстық балалар ауруханасы – 1;

Жылыой аудандық орталық ауруханасы – 1 аппаратпен қамтылған;

​ 3 аппарат жеке клиникалар секторында орналасқан.

Exit mobile version