АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов актив жиынында бірқатар жаңа лауазым иелерін таныстырды.

Мемлекеттік қызметшілер арасында жарияланған ішкі конкурстың қорытындысымен Бағытжан Болатұлы Төлеген  мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Бағытжан Болатұлы 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-ды шетел тілі мұғалімі, 2010 жылы Атырау мұнай және газ институтын техника ғылымдары, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік муниципалды басқару мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2008 жылы Атырау қаласындағы «Декор» компаниясында менеджер қызметінен бастағаннан кейін, бірнеше лауазымды қызметтер атқарған. Ал, 2017-2018 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы АМУ сатып алу және жабдықтау бөлімінің басшысы қызметінен кейін, 2018 жылдың маусымынан бері, Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарып келген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button