АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ПОЛИЦЕЙЛЕР 4 ҚАП БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕДІ (ВИДЕО)

Атыраулық полиция қызметкерлері Жайық-Атырау  бекіре  балық өсіру  зауытына кезекті  балық өнімін өткізді.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық қол сұғушылыққа  қарсы күрес  бөлімінің  қызметкерлері жедел-профилактикалық іс шарасы кезінде тәркіленген  4 қапқа  лық толтырылып салынған  бекіре балықтарын тәркіледі. 

«Куәгерлердің көзінше өлшенген өнім салмағы 126 кг астам. Белгілі болғанындай, тәртіп сақшылары  су маржанын қала  маңында  орналасқан Жұмыскер кентінің   1988 жылғы тұрғынынан тауып, тәркілеген», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

ҚР Қылмыстық кодекстің 339 бабының 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұдан бұрынғы «Бекіре» акцияларын өткізу  барысында полиция қызметкерлерімен  табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтың 700-дей  фактісі анықталып, заңсыз ауланған 6 тоннадан аса балық өнімдері, құқықбұзушы тұлғалардан 10 суда жүзу құралдары тәркіленіп, айыптұрағына жеткізілген. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button