Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН БІРГЕ ӘСКЕРИЛЕР ДЕ БЛОК ПОСТТА ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

67009f86 ec9a 4b44 a533 bd901f6428b2

Атырау қаласында карантиндік режимді қамтамасыз ету шаралары аясында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Полиция департаментінің өкілдерімен бірге блокпосттарда қызмет етуге шықты.

Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда Атырау облысында төрт блокпостта 60-қа жуық әскер қызметшілер екі ауысыммен қызмет етуде. Оған қоса, блокпосттарды күшейту мақсатында төрт «Арлан» брондық техникасы бөлінді.

«Блокпосттарда тек қана тәжірибелі әскери қызметкерлер тартылды. Олар қазіргі қалыптасқан жағдайды және аймаққа қандай қауіп төніп тұрғанын жақсы түсінеді. Әскери қызметшілер түрлі қызметтік жағдайларда дұрыс шешіп қабылдап, халық игілігіне қызмет етуге әзір», – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияров.

Exit mobile version